8(7112) 22-85-97

«Дұрыс тамақтану мәдениеті» тақырыбында тәрбие сағаты

Мақсаты:

  1. Дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау.
  2. Дүниетанымын, ой - өрісін пәнге деген қызығушылығын арттыру.
  3. Дұрыс тамақтана білуге тербиелеу.

Сәуір айының 14 жұлдызында мектебіміздің 9 «А», 9«Ә», 9«Б» сыныптарында «Дұрыс тамақтану мәдениеті» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

 Күн тәртібінде:

1 кезең «Кім шапшаң» деп аталады. Бұл кезеңде әр бір топқа сұрақтар берілді. Сол сұраққа жауап берді.

2 кезең «Ойлан тап» деп аталады. Бұл кезеңде әр топ өз тобына пайдалы және зиянды заттарды сипаттап, қимылмен көрсетті, ал топтың қалған мүшелері сол берілген заттарды тапты.

3 кезең «Жалғасын тап» деп аталады. Бұл кезеңде денсаулыққа қатысты мақалдарды жалғастырып айтты.

4 кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр»

1-топқа: Пайдалы және зиянды тағамдарды бөліп жазды; 2-топқа: Тамақтанудың алтын ережесін құрды; 3-топқа: Үш зиянды, үш пайдалы тағамның суреттерін салды.

5 кезең. «Пайдалы және зиян тағамдар». Оқушылар өз рационындағы бір зиянды тағамды қоқыс жәшігіне салып, түсіндірді.

Өткізген: машықкерлер Мұратова А.М, Рысқалиева З.Қ, Исағат Р.И