Байқаудың мақсаты мен міндеттері: әлеуметтік педагогтердің кәсіби деңгейін жоғарлату, шығармашылық әлеуетін толық жүзеге асыру және әлеуметтік мәртебелерін арттыру.
Байқау 3 кезеңнен түрды. Бірінші тапсырма – «Электрондық портфолио». Әр түрлі жобаларға, конкурстарға және т.б. білім алушылар мен әлеуметтің педагогтың жетістіктері (грамоталары, сертификаттары, дипломдарының көшірмелері болуы) Екінші тапсырма- «Әдістемелік әзірлеме» (мәтін және презентация). Бұл әдістемелік әзірлемеге қойылатын талаптарға сәйкестігі (түсіндірме жазбаның, мазмұн, жоспарының пайдаланылған және ұсынылған әдебиеттердің тізімінің болуы) Әдістемелік әзірлеменің білім беру құндылығы: жаңалығы, ғылымилығы, стиль, сауаттылық, логиканы баяндау, дизайн эстетикасы қаралды. Үшінші тапсырма – «Әлеуметтік жоба». Бұл критерий бойынша жобаның мәтіні және әлеуметтік педагогтің қызметі туралы жобаны іске асыру бойынша 5-7 минуттық бейнеролик және шығармашылық, жоба идеясының ерекшілігі. Жобаның тиімділігі туралы дәлелдердің болуы, (бейне түсіру сапасы «дыбыс, сурет және т.б). Мектеп-лицейімізден әлеуметтік педагог Жарасова Айгерим Хамбаровна қатысып, III орын иеленді. Әріптесімізді жетістігімізбен құттықтаймыз!