8(7112) 22-85-97

«Жаратылыстану – интегралды пәндердің шаңырағы» атты химия, биология, география пәндерінің апталығы

18-20 сәуірде жаратылыстану апталығы аясында химия, биология, георафия пәндерінен ашық сабақтар өткізілді.

Химия, биология, география сабақтарында және сабақтан тыс шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттырып, өрісі мен таным белсенділіктерін жан жақты жетілдіру мақсатында өткен «Жаратылыстану – интегралды пәндердің шаңырағы» тақырыбындағы апталық аясында  Мукатаева Л.С. «Алкиндер»,  Ажгалиев Н.Ш. «Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салалары мен мамандануы», Адиева Л.С. «Көлік инфрақұрылымы», Жолдасбаева Ж.Ж. «Гүлдің құрылысы. Тозаңдану түрлері», Имангалиева Б.Т. «Көп жасушалы ағзалар және олардың экожүйедегі маңызы», Боранбайқызы Н. «Қолдан сұрыптау және оның селекция үшін маңызы. Қолдан сұрыптау түрлері», Нургожина А.Ш. «Шылым шегу, есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері», Бергалиева Г.К. «Тұздар» тақырыптарында ашық сабақ өткізілді. Ұстаздар өткізілген ашық сабақтарда Каhoot, learningapps,  бойынша жаңа сабақ, үй тапсырмасын тексеру, стоп кадр, флешка, 4К, еркін микрофон, топпер, екі жұлдыз бір ұсыныс т.б. көптеген әдіс-тәсілдер қолданылды. Өткізілген ашық сабақтардың барлығында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары жоғары екендігі сабақ барысында көрініс тапты. Оқушылар сабақ барысында берілген әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды топтасып орындап, нәтижеге қол жеткізе алды.