8(7112) 22-85-97

Жаратылыстану пәндері бірлестігі апталығы аясында 9-сынып оқушылары арасында биология пәні бойынша “Aqyl Battle” интеллектуалдық сайысы

20-сәуір күні 9-сынып оқушылары арасында биология пәні бойынша “Aqyl Battle” интеллектуалдық сайысы өтті. Оқушылардың зерттеушілік ойлау қабілеттерін дамытып, жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін практикада қолдану үшін зияткерлік шара оздырылды.

20-сәуір күні 9-сынып оқушылары арасында биология пәні бойынша “Aqyl Battle” интеллектуалдық сайысы өтті. Жаратылыстану пәндері бойынша алған білімдерін практикада қолдана алуын, олардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту мақсатында 4-кезеңнен тұратын сайысқа оқушылар белсенділікпен қатысты.
Атап айтсақ, “Полиглот” кезеңінде оқушылар берілген сұрақтарға жауапты үш тілде беру арқылы ұшқырлығын көрсетсе, “Жорға” кезеңінде ұяшықта жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы жан-жақтылығын көрсете білді.
“Ұшқыр ой” деп аталатын кезеңде оқушылардың жылдам ойлануы, берілген суреттерге қатысты негізгі ойды білдірулері керек болды. Сонымен қатар, биология пәні бойынша модельдеу жұмыстары оқушыларға көрсетілді.
Интеллектуалдық сайыстың нәтижесінді 9 “а” сынып оқушылары жеңіске жетті.