7 сыныптар арасында «Қызықты география» интеллектуалдық сайыс 2023 жылдың 20 сәуірінде өтті.
Пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып «Жас географтар» атағын алатын сыныпты анықтау.
Сайыста 8 турдан тұратын «Жүйрік болсаң озып көр»(сұрақ-жауап), «Алғыр болсаң шешіп көр» (географиялық есептер шығару), «Ғажайып төрттік», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Қара жәшік», «Алғыр болсаң анықта» арал, түбектерді кескініне қарап анықтау, «Жас картограф»,“Ойлы болсаң озып көр” , «Ең, ең, ең......» кезеңдеріндегі сұрақтарға жауап берді. Озып шыққан команда марапатталды..