№41 мектеп-лицейінде мектепішілік оқыту семинары өткізілді.
AR және VR технологиялары қазіргі таңда өзекті болып табылады. AR технологияларын білім беру бағдарламаларына біріктіру қазіргі заманғы мұғалімдердің қолында тиімді құралы болып табылады. VR технологиясы қосымша шындықты тек нысандарды бейнелеу үшін ғана емес, сонымен қатар жаңаларын жасау мүмкіндік береді. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға көмектеседі, оларға шығармашылық үшін қуатты құралдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қиялдағы модельдерді визуализациялау мүмкіндігі күрделі үш өлшемді модельдерді құруға, инновациялық шешімдерді табуға, және күрделі мәселелерді шешу мүмкіндік береді. Семинарда «Mozaik3d платформасын білім беруде қолдану» тақырыбында математика пәнінің мұғалімі Мукашева Р.Б. тәжірибесімен бөлісті. Информатика пәнінің мұғалімі Ф.Б.Саймова «Тop-5 learning apps» және «VR және AR технологиясының қолданылуы», «Цифрлық дағды: педагогтің кәсіби даму құралы» тақырыптарында түрлі интерактивті модульдермен таныстырды.