8(7112) 22-85-97

Ағылшын тілі пән мұғалімдері олимпиадасының қорытындысы

27 сәуір күні ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің арасында қалалық педагогикалық олимпиадасы ұйымдастырылды.

Олимпиаданың мақсаты: пән мұғалімдері арасынан шығармашылықпен жұмыстанатын, тұлғалық және кәсіби шеберлігін шыңдаумен айналысатын мұғалімдерді қолдау. Олимпиада 4 бөлімнен тұрды: Listening, Reading, Use of English, Speaking. Олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі Айнур Уахитовна Сисенова жүлделі ІІ орын иеленді. Әріптесімізді жетістігімен құттықтаймыз!