3 мамыр күні 8 "Ә" сынып оқушылары сынып жетекшісі Светлана Адилхановнаның бастамасымен Қазақ драма театрына "Қара бала" қойылымын тамашалауға барды. Жазушы Федор Достоевскийдің "Ағайынды Карамазовтар" романының желісімен сахнаға жол тартқан бұл қойылымда адам өмірінің негізгі мәселелері алға қойылып, жасөспірімдер болмысының моральдық және рухани сипатына баса назар аударылған. Балалардың күнделікті өмірдегі бір-бірімен қарым-қатынастары суреттеліп, достық мәселесіне айрықша назар аударылған трагедия оқушыларға керемет ой салды. Балалар саналарын сілкіндірген тәрбиелік мәні зор драмалық шығармадан алған әсерлерімен бөлісіп, толқынысты көңіл-күймен қайтты.