15 мамыр күні информатика пәні мұғалімдеріне арналған «3D - басып шығару» тақырыбында облыстық көшпелі тәжірибелік семинар өткізілді.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы жоспарына сай 2023 жылдың 15 сәуірінде информатика пәні мұғалімдеріне арналған «5-9 сыныптардағы информатика пәнінің күрделі тақырыптары бойынша пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» курс тыңдаушыларына «3D - басып шығару» тақырыбында көшпелі тәжірибелік семинар өткізілді. Осы іс-шарада өз іс-тәжірибесімен информатика пәні мұғалімдері Саймова Ф.Б. "3D - басып шығару" шеберлік сынып, «VR және AR технологияларын білім беруде қолдану», Сатканова Э.М. "Информатикадан ҰБТ-да кездесетін сұрақтарды талдау " тәжірибе алмасты. «Fusion 360» және «Blender 3D» бағдарламасы бойынша жүлделі орын иеленген 9-10 сынып оқушылары өз жұмыстарын көрсетті.