17 мамыр күні информатика пәні бойынша 6 сынып оқушылары арасында «Заманауи нысандар» үш өлшемді моделін әзірлеу байқауы өткізілді
Мектеп оқушыларының ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қызығушылықтарын дамыту және нығайту, заманауи сандық өндіріс дағдыларын, 3D-редакторлармен және 3D-модельдеу бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту бағытында өткізілген «Заманауи нысандар» үш өлшемді моделін әзірлеу байқауында 6 сынып оқушысы Найзабек Шерхан ІІІ орын иеленді. Жетекшісі Сатканова Эльмира Мухиденовна. Оқушымызды және пән мұғалімін жетістіктерімен құттықтаймыз!