8(7112) 22-85-97

5-сыныптарға қабылдау емтиханы өткізілді

Мектептің  2023-2024 оқу жылына оқушыларды қабылдау жоспарына сай 20 мамыр күні 5-сыныптарға қабылдау емтиханы өткізілді

Мектеп-лицей  директорының  2023 жылғы  29 наурыздағы   №38 бұйрығына сай "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің   2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығын, мектеп-лицей Жарғысын және 2023 жылғы 24 наурыздағы №6 педагогикалық кеңестің шешімімен бекітілген МЕКТЕПКЕ 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАР ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІН басшылыққа ала отырып,  5-сыныпқа оқушыларды қабылдау жоспарланған жұмыс кестесі бойынша жұмыс жүргізілді.

17-19 мамыр күні  сағат 14.30-18.00 дейін   конкурсқа өтініш және құжаттар қабылдады, барлығы 151 оқушының ата-анасынан конкурсқа өтініш,  қажетті құжаттар тапсырылып,  20 мамыр күні қабылдау емтиханына 149  оқушы қатынасты. Емтихан өту кестесіне сай сағат  9:00 – 10:20 уақыт аралығында оқу сауаттылығы және математика және логика бойынша санитарлық талаптарды сақтай отырып 9 оқу кабинетінде өткізілді. 20 мамыр күні сағат 17.00 де емтихан қорытындысы  жарияланды. Қабылдау комиссия шешіміне сай 103 оқушыдан тұратын 4 лицей сыныбы жасақталынды. 22 мамыр күні сағат 10.00 – де мектеп сайтына қабылдау комиссиясының хаттамалық шешімі жарияланды. Конкурстан өткен оқушылардың ата-аналарымен 18.00-де қашықтан  жиналыс өткізіліп, мектептің ішкі тәртіп ережесі,  құжаттарды қабылдау бойынша Egov.kz  порталында қалай жүзеге асатындығы туралы түсініктемелер берілді.