«Батыс Innovations» жобасы аясында дарынды, шығармашыл білім алушылардың жұмысын күшейту мақсатында оқушыларды ғылыми жобаларға дайындау жолдары мен нәтижелері туралы айтылды.
2023 жылдың 12 мамыр күні «Батыс Innovations»жобасы аясында Орал қаласының №41 мектеп-лицейі қамқорлықтағы Жаңақала ауданының Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББМ және Жәнібек ауданындағы Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ мұғалімдері мен оқушыларына «Оқушыларды ғылыми жобаларға дайындау жолдары: жаңашылдық, тәжірибе, нәтиже» тақырыбында онлайн тәжірибе алмасты. №41 мектеп-лицейінің директорының оқу әдістемелік істер жқніндегі орынбасары Ж.Жолдасбаева ғылыми жобаларға қойылатын ережелермен толық таныстырып өтті. Тәжірибе бөлімінде ғылыми жобалар сайысының қалалық, облыстық кезеңінің жүлдегерлері Сағынтаева Ранида, Едіге Ерназар - жер және ғарыш секциясы, Шынболатова Зарина мен Рақымжан Дулат – физика секциясы, Серік Ақнұр, Султанова Амеля- тіл білімі секциясы бойынша өз жұмыстарымен таныстырды.