Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында дарынды оқушылармен кездесті.
Қала әкімімен кездесуге жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың жеңімпаз-жүлдегерлері мен оларды дайындаған ұстаздары қатысты. Мектемізден қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша пәндік олимпиаданың республикалық кезеңінің ІІІ орын иегері 6 сынып оқушысы Нұрлан Дәрия және олимпиадаға дайындаған пән мұғалімі Куанышкалиева Гулдария Ермековна қатысты. Нұрлан Дәрия және басқа да оқушылар биік белестерді бағындыруға септіктерін тигізген ата-аналарына және мұғалімдеріне алғыс айтты.