Орал қаласының №41 мектеп-лицейінің 11 “а” сынып оқушысы Султанова Амелия ұлттық бірыңғай тестілеуден 130 балл жинады. Болашақта технология, IT, инженерия саласында мықты, білікті маман иесі болғысы келеді.
Султанова Амелия Орал қаласының №41 мектеп-лицейінде 5-сыныптан бастап білім алады. Математика, физика пәндеріне деген қызығушылығы мол.
Мектеп қабырғасында Амелия орыс тілі пәнінен қалалық, облыстық олимпиадаларының жүлдегері, қалалық, облыстық, республикалық ғылыми жобалар сайысының жеңімпазы, 2023-жылғы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен “жыл үздігі”, “Елбасы Медалі” иегері ретінде танылып, мектептің қоғамдық іс-шараларына белсене қатысады.
Амелия болашақта өз ісінің мықты маманы атанатынына, өз дарындылығымен еліне адал қызмет ететіндігіне, халқының қалаулы мақтанышы болатынына оның ұстаздары сенімді.