8(7112) 22-85-97

2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша лицейдің үздіктерін марапаттау

Мектептің қамқоршылық кеңесімен бірігіп ұйымдастырылған шаралардың бірі - оқу жылы қорытындысы бойынша  білім додасындағы жетістіктері бойынша үздіктерді  соңғы қоңырау салтанатты жиынында   марапаттау болып табылады.

Алдын ала қамқоршылық кеңеспен келісіліп,  «Лицейдің үздік  шәкірті - 2023» және әр пән бойынша «Лицей үздігі - 2023», «Лицейдің үздік педагогі-2023» атағын беру ережесі бекітілді.

Мақсаты: Оқушылардың білімділік, тәрбиелік және зияткерлік әлеуетін дамытуда ынталандыру жүйесін қалыптастыру, оқу жылы бойынша үздік шәкірттерді марапаттау.

Облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі сайыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары арасынан бір оқушы (командалық болса екі оқушы) таңдалынып алынды.   «Қазақ тілі  мен әдебиеті пәні бойынша лицей үздігі - 2023» 11  сынып оқушылары  Серік Ақнұр, Султанова Амелия.

«Математика  пәні бойынша лицей үздігі - 2023» 11 сынып оқушысы Биғали Гүлназ, Сағынтаева Аида. «Ағылшын тілі пәні бойынша лицей үздігі - 2023» 10 сынып оқушысы Қалымбет Дильназ. «Информатика пәні бойынша лицей үздігі» 10 сынып оқушылары Адилов Сержан, Амангельдиева Аяжан. «АӘжТД пәні бойынша лицей үздігі» 10 сынып оқушысы Мақсот Әлихан.

«Лицейдің үздік шәкірті-2023 жыл» 9 сынып оқушысы Серік Нұрдәулет.

«Лицейдің үздік педагогі - 2023» атағын берудің мақсаты: педагогтердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру, жоғары деңгейдегі шығармашылық әлеуеті бар мұғалімдердің педагогикалық қызметінің қорытындысын жинақтау.

Өз пәнін жоғары деңгейге көтеретін облыстық, республикалық  дәрежедегі сайыстардың жүлдегерлерін дайындаған,  семинарлар мен шебер-сыныптарға, конференцияларға белсенді қатысатын, озат іс-тәжірибе таратқан қазақ тілі және әдебиеті  пәнінің мұғалімі, педагог – зерттеуші Куанышкалиева Гулдария Ермековна танылды.

«Лицейдің үздік  шәкірті - 2023» және әр пән бойынша «Лицей үздігі - 2023», «Лицейдің үздік педагогі-2023» атағын иеленген оқушылармен, педагог дипломмен марапатталып,  есімі тіркеу кітабына енгізілді.