8 маусым күні «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы онлайн форматта өткізілді
Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу. «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» номинациясы - жас экологтардың 3D атласын жасауы. Флора мен Фауна өкілдерінің 3D-форматтағы көлемді макетін жасау. Көлемді орналасу объектінің барлық ботаникалық, анатомиялық ерекшеліктерін көрсету. Осы номинация бойынша мектеп-лицей оқушысы Сиражев Тахир қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі Сатканова Эльмира Мухиденовна. Оқушымызды және пән мұғалімін жетістіктерімен құттықтаймыз!