Маусым айының 15 жұлдызында мектеп – лицейіміздің 9-сынып аяқтаушы оқушыларға негізгі орта мектепті бітіргендігі туралы аттестат тапсыру жиыны өткізілді.
«Аттестат тапсыру жиынында» мектеп директоры Даумова А.М. оқушыларға арнап құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді.
Келесі кезекте негізгі орта білім туралы аттестат оқушыларға табысталды.
Бұл күн негізгі орта мектепті бітіруші 9-сынып оқушылары үшін ерекше күн, өмірдің бір маңызды баспалдағы. Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл-қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі болары анық.