8(7112) 22-85-97

2022-2023 оқу жылының қорытынды рейтингісі

23 маусым күні 2022-2023 оқу жылын қорытындылауға арналған жиын өтіп, рейтингке нәтижесі бойынша үздік шыққан білім беру ұйымдары марапатталды.

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов 2022-2023 оқу жылындағы сала қызметкерлерінің еңбегі шәкірттердің олимпиада, байқау,сайыстардағы жетістіктерініен көрінгенін атап, оқу жылын табысты аяқтаған білім саласы қызметкерлеріне алғысын білдірді. Өз сөзінде балалардың қауіпсіздігі, білім сапасын арттыру, жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру бағыттары бойынша білім беру ұйымдары басшыларының алдында тұрған маңызды міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ оқу жылының қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды. «Тиімді басқару – жетістік бағдары» қорытынды рейтингі бойынша инновациялық мектептер арасында жоғары нәтижеге жеткені үшін мектеп-лицейіміздің директоры Айтжан Махсотқызы марапатталды.