8(7112) 22-85-97

«Тамыз-2023 конференциясы»

24-25 тамыз күндері  «Әділетті Қазақстан: Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбы аясында Алматы облысында «Білім беру технологиялары» бағытында тамыз кеңесі өткізілді. Оған мектеп-лицейімізден математика пәні мұғалімі Г.Н. Капашева қатысты.  

Заманауи ықпалдастырылған қауіпсіз білім ортасын құру, оқытудың инновациялық технологияларын мектеп тәжірибесіне белсенді түрде ендіру, педагог жетістіктері мен тәжірибелеріндегі құнды дүниені сапалы білім беруге бағыттау мақсатында оздырылған конференцияда өзекті мәселелер көтеріліп, ұстаздармен «Білім беру технологиялары» «Сапалы білім берудегі заманауи технологиялардың тиімділігі», Биоақпараттандыру және синергетика білім беру технологиясы – сапалы білім берудің кепілі», «Жаратылыстану пәндерін оқытудағы  инновациялық тәсілдер және оны іске асырудың жолдары» атты тәжірибелік алаңдарда шеберлік сыныптары өткізілді.