8(7112) 22-85-97

10 қыркүйек – Отбасы күнін мерекесі аясында өткізілген апталық

Мектеп-лицейімізде 11 – 15 қыркүйек аралығында Отбасы күні мерекесі аясында апталық өткізілді. Апталықтың мақсаты: оқушыларда отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыра отырып, отбасындағы құндылықтарды дәріптеу.

Апталықтың бірінші күнінде барлық сыныпта «Отбасым – бақыт мекені» атты сынып сағаттары оздырылды. Екінші күні қазақ тілі және әдебиеті пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Отбасымның шежіресі» шығармашылық жұмысы (эссе жазу) өтті. Апталықтың төртінші күні «Салауатты отбасы» ата-аналар арасындағы таңғы жаттығумен жалғасты. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері ұйымдастырған жаттығуға 5-7 сыныптың ата-аналары қатысты. Жаттығу Қадыр Мырза-Әлі алаңында өтті. Соңғы күні «Тәрбие тал бесіктен басталады» тақырыбында 9 «а» және «б» сыныптарының оқушылары мен ата-аналарымен өткен дөңгелек үстелмен қорытыланды.