8(7112) 22-85-97

«Жер сілкінісі кезіндегі басшы құрамның, жұмысшылар мен қызметшілердің іс-әрекеттері» тақырыбындағы жалпы сейсмикалық жаттығу

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жоспары негізінде мектеп-лицейімізде «Жер сілкінісі кезіндегі басшы құрамның, жұмысшылар мен қызметшілердің іс-әрекеттері» тақырыбында сейсмикалық жаттығулар өтілді. Мақсаты: жалпы жер сілкінісі кезінде қорғау іс-шараларын орындауға дайындығын тексеру.

Сейсмикалық жаттығуды бастамас бұрын төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына жауапты АӘД және дене шынықтыру пәндерінің мұғалімі Е.Н.Насибуллин жер сілкінісі кезінде сақталу керек ережелерін айтып, түсінік жұмыстарын жүргізді. Белгіленген уақытта дыбыстық сигналдар қосылғанда оқушылар мен қызметкерлер ғимараттан шұғыл түрде шығарылды. Жаттығуға жалпы саны 55 педагог, 21 қызметкер, 565 оқушы қатысты.
Төтенше жағдай – адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін жағдай. Апат айтып келмейді. Төтенше жағдайлардан сақ болайық!