9 қыркүйек күні қала күніне байланысты ұйымдастырылған “Жайық жүйрігі - 2023” аламаны аясында қалалық білім беру ұйымдарының жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу бағытындағы жұмыстары көрсетілді. Соның ішінде, 41 мектеп-лицейіміздің ұлттық ойындар үйірмесінің ішіндегі “Асық ату” үйірмесінің оқушылары осы аталған шараға қатысты.
Мектеп-лицейіміздің 6-сынып оқушылары қала күніне орай ұйымдастырылған аламанда бой көрсетіп, қала халқын асық ойынының ережелерімен, ойнау әдебімен таныстырды. Ұмытылған ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтау - басты міндетіміз. Себебі, ұлттық дәстүр - тәрбиенің қайнар көзі.