Бүгін мектеп-лицейімізде білім басқармасы “Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарына” сәйкес, сыныптарда “Адалдық сағаты” өтті. Тәрбие сағатының мақсаты - жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болды.
5-6 сыныптарда жалпы адалдық туралы жалпы талқыланып, видеоролик көрсетілді, оқушылар «адалдық ережесін» құрды. 7-9 сыныптар жемқорлық туралы бейнематериал көрсетіліп, жағдаяттық сұрақтар талқыланды. 10-11 сыныптарда елімізде, әлемде болып жатырған жемқорлық туралы ой қозғалды.