2023 жылдың 31 тамыз күні мектеп-лицейімізде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Иманиязованың ұйымдастыруымен сынып жетекшілер семинары оздырылды. Семинардың мақсаты: 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын “Біртұтас тәрбие бағдарламасын” түсіндіру.
Семинарда сынып жетекшілер толық қамтылып, алдымен “Визиттік карточка” танысу тренингі жүргізілді. “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” толығымен түсіндіріліп, қорытынды бөлімінде қазіргі бала дамуындағы кедергілер және тәрбие процесіндегі проблемаларды нақтылап, шешу жолдары ұсынылды.