8(7112) 22-85-97

Педагогикалық кеңес

2023 жылдың 29 тамызында мектеп-лицейімізде жаңа оқу жылы қарсаңындағы педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңесте 2023-2024 оқу жылының әдістемелік нұсқау хаты талқыланып, жаңа оқу жылына арналғана жұмыс жоспары бекітілді.
Кеңесте 2023-2024 оқу жылының әдістемелік нұсқау хаты талқыланып, жаңа оқу жылына арналғана жұмыс жоспары бекітілді.

Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде қаралған мәселер:
1. “2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы” әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру. Жауапты: А.М.Даумова
2. Даму бағдарламасы, даму жоспары бекітілуі. Жауапты: А.М.Даумова
3. 2022-2023 оқу жылының қорытынды талдауы. Жауаптылар: Ж.Жолдасбаева, А.Ж.Утебалиева, Г.С.Иманиязова
4. 2023-2024 оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарын бекіту туралы. Жауапты: А.Ж.Утебалиева
5. Мектепішілік аттестаттау комиссиясын бекіту, аттестаттаудың перспективалық жоспарымен таныстыру. Жауапты: Ж.Ж.Жолдасбаева
6. Сынып құрамын, сынып жетекшілікті, кабинет меңгерушілерін бекіту туралы. Жауапты: А.Ж.Утебалиева
7. Мектеп қызметкерлерінің еңбек тәртібі ережелерімен таныстыру. Жауапты: Г.С.Иманиязова
8. Мектеп оқушыларының оқулықпен қамтылуы туралы. Жауапты: Утеева А.К.
9 . Әртүрлі мәселелер.
Кеңеске қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Б.Абдрахманова қатысып, жаңа оқу жылына ұжымға сәттілік тіледі. Мектеп-лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.А.Беккужиеваны облыстық білім басқармасының “Құрмет грамотасымен” марапаттады.