22 қыркүйек күні «TeachGrow» мектепішілік жобасы аясында «Жағымды қарым-қатынас мақсатқа жету кепілі» тимбилдингі өткізілді. Тимбилдинг мақсаты: мұғалімдер арасында жағымды қарым-қатынас орнату, мектеп ұжымының ынтымақтастығын нығайту.
Мұғалімдер жас ерекшелігі ескеріліп, алдын-ала 4 топқа бөлінді: «Марс» тобы – қызыл, жетекшісі – Ажгалиев Нурлан Шайдоллиевич; «Алау» тобы – қызыл, жетекшісі - Насибуллинов Ербол Насибуллинович; «Активист» тобы – ақ, жетекшісі - Нурманов Асланбек Орынбасарович; «Күншуақ» тобы – сары, жетекшісі - Орынгалиев Оралбек Куанышкалиевич. Тимбилдинг амандасу тренингімен басталып, топ атын, ұранын таныстырып, әрі қарай әр ұстаз жеке өздерін таныстырды. Жарыс негізінен 6 кезеңнен тұрды: «Құбыр» ойыны, «Топтық сурет», «Ойна да, ойлан», «Сұрақ-жауап» айдары, «Жұлдызқұрт» және «Водовоз» ойындары. Тимбилдинг «Оборуч» және «Шынжыр» сергіту тренингтарымен аяқталды.
Жарыс қорытындысы бойынша топтық есепте 59 ұпаймен «Активист» тобы жеңімпаз атанса, 58 ұпаймен «Марс» тобы – ІІ орын, 53 ұпаймен «Алау» тобы – ІІІ орын, 50 ұпаймен «Күншуақ» тобы алғыс хатпен марапатталып, кәсіподақ ұйымынан естелік сыйлықтар тарту етілді.
Ұжым уақытын қызықты әрі көңілді өткізді. Ұжым мүшелері ұйымдастырушылар Г.С.Иманиязова, С.С.Тажен, А.Қ.Батырғалиева, М.Т.Хамитов, А.Р.Имангазиева, А.Қ.Ғатауға өз алғыстарын білдірді.