8(7112) 22-85-97

Ата-аналар жиналысы

Мектеп-лицейімізде биылғы оқу жылын ұйымдастыру барысындағы сыныпаралық ата-аналар жиналысы өтуде. Соның ішінде 27 қыркүйек күні 7-8 сынып ата-аталарына жиналыстар өткізілді.

Күн тәртібінде:
1. Амандасу тренингі;
2. «Бала тәрбиесінің негізі», «Ата-ана және мектеп», т.б
3. Мектеп жарғысы және мектеп ережесімен таныстыру;
4. Психологиялық-педагогикалық ағартушылық жұмыстары;
5. Ата-аналар комитетін сайлау;
6. Ағымдағы мәселелер.
Жиналыс барысында сынып жетекшілер жаңадан қабылданған оқушылардың ата-аналарымен танысу тренингін жүргізіп, ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс туралы сөз қозғады. Мектеп-лицей әкімшілігі мектеп жарғысымен және ішкі тәртіп ережелерімен таныстыра отырып, киім кию тәртібі, ыстық тамақ, т.с.с мәселелерді қозғады. Жиналыс соңында ата-аталар комитеті сайланды.