8(7112) 22-85-97

Дублер-білім алушылардың жиналысы

Мектеп-лицейімізде 28 қыркүйекте бастамашыл топ мүшелері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлдана Сайлауқызы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Оралбек Қуанышқалиұлының және мектеп парламентінің ұйымдастыруымен дублёр-білім алушылардың жиналысы өтті. Жиналысқа 11-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Эльмира Ақылбекқызы мен Гүлжамал Нұржанқызы қатысты.

Жиналыста дублёр күнін өткізу ережелері, мақсаты, міндеті, өткізу нысаны мен тәртібі талқыланды.
Дублёр күнінің мақсаты: балалар мен ересектердің бірлескен қызметін ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының әлеуметтік-құзыретті тұлғасын дамыту үшін жағдайлар жасау.
Дублёр күнінің міндеттері:
1) білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқару қызметіне тарту;
2) білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін, білім алушылардың көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру;
3) барлық параллель сыныптардың білім алушылары арасындағы достықты нығайту;
4) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
5) білім алушылардың бойына жауапкершілік сезімін, бір-біріне дұрыс қарым-қатынасты, өзара қарым-қатынастың іскерлік стилін тәрбиелеу;
6) білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту;
7) білім беру үдерісінің кері байланысының жаңа нысандарын ұйымдастыру, білім алушылар мен педагогтердің мектептегі білім беру үдерісінің жай-күйін кешенді бағалау.