9 қазан күні 5 сынып оқушыларымен ата-аналар арасында «Спорт-ұлттық құндылықтарды жаңғыртудың баспалдағы» тақырыбындағы «Ұлттық ойындар» жарысы өткізілді.
Аталған жарысты Имангазиева Айзада Романовна және дене шынықтыру пәні мұғалімдері ұйымдастырды. Ойын 5 кезеңнен тұрды. Таныстыру, асық ату және бес асық, қол күресі, арқан тартыс. Жарысқа 6 отбасы қатысты. 1. Ашгалиевтер отбасы (5 а сынып), 2. Бірлік тобы (5 а сынып), 3. Асан тобы (5 ә сынып), 4. Жігер тобы (5 ә сынып), 5. Орал зымырандары (5 б сынып), 6. Болашақ тобы (5 в сынып). Жарыстың негізгі мақсаты ұлттық ойындарын келешек ұрпаққа жеткізу, насихаттау. Әр отбасы сайыстарға белсене қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша: І орын – Асан тобы (5 ә сынып); ІІ орын – Орал зымырандары (5 б сынып); ІІІ орын – Жігер тобы (5 ә сынып), Ашгаливтер отбасы, Бірлік және Болашақ топтары алғыс хаттарымен марапатталды.