8(7112) 22-85-97

«Инсайдер бол!» семинар-практикумы

Мұғалімдердің білімдерін жетілдіруде мектепішілік семинар- практикумы өтті.

2023 жылдың 13 қазан күні “Teach Grow” жобасы аясында «Инсайдер бол!» семинар-практикумы өтті. Семинардың мақсаты мұғалімдердің білімін жетілдіру және тәжірибе түрінде көрсете отырып, өз сабақтарына қолдануға ықпал жасау. Семинар-практикумды мектебіміздің мұғалімдері А.Утебалиева және Г.Куанышкалиева өткізді. Негізгі мазмұны «Квест» ойынымен басталып, «Жеті қырлы – бір сырлы» әдіспен жалғасты. Топ мүшелері бірігіп ән айтты, би би биледі, бір пародия шығарды.

Сонымен қатар, семинар барысында «Оливье» әдісі, «Кілем» әдісі , «Ойын-сауық кешіне жиналу» әдісі, «15 секундық ереже» әдісі, «Затқа айналу» әдістері көрсетілді. Кері байланысқа «Чемодан жинау» әдісі беріліп, мұғалімдер семинардан өз қоржындарын толтырып қайтты.