Бүгін мектеп-лицейімізде 25 қазан – Республика күні орай «Әнұран» челленджі ұйымдастырылды.
Әнұран - мемлекетіміздің ең маңызды рәміздерінің бірі. Әнұранның Ұлттық ерекше аспектісі бар. Әнұранымыз әрбір қазақстандықтың өсуі мен қалыптасуына ерекше әсерімен жыр бесігінде тербетіп, еліне, жеріне, халқына деген мақтанышын оятады. Әнұранды орындау - қазақстандық патриотизмді, азаматтықты қалыптастырады және әрқайсымыздың жеке тұлғамызды дамыту мен қалыптастырудың басым бағыттарының бірі.
«Әнұран» шырқау челленджіне 565 оқушы, 52 ұстаз қатысты. Сондай-ақ челлендж жалғасы Республика күніне орайлас ұйымдастырылған мерекелік шарамен ұласты.