24 қазан күні Қазақстан халық ассамблеясында Қазақстандық оқу- ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының марапаттауы өтті.
Білім беру жүйесінде ұзақ жылдар бойы адал еңбегі мен ұстаздық міндетін абыроймен атқарып, ұлтымыздың болашағы- жастарға өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жетістіктері және қоғамдық өмірге белсене қатысқан үшін №41 мектеп –лицейінің география пәнінің мұғалімі Адиева Лаура Самиголлиевна марапатталды.