25 қазан Республика күніне орай "Білімді ел-ел болашағы» атты мектепішілік пікірсайыс өткізілді. Мақсаты: Білім алушылардың бойында шешендік өнерді дамыту, қазақ еліне, Отанына деген құрметін күшейту, патриоттық сезімдерін арттыру.
Пікірсайыс АПФ форматында өткізілді. Үкімет және оппозиция фракциялары өз позицияларын жоғары деңгейде ақтап шықты. Алайда, қазылар алқасының шешімімен 10 «а» сынып оқушысы Сәлімгерейқызы Сумайя «Үздік спикер» номинациясына лайықты деп саналды.