30 қазан күні “Астана жұлдыздары” атты халықаралық балалар және жасөспірімдер арасындағы би конкурсында мектеп-лицейіміздің атынан қатысқан “Балауса” би ансамблі I орынға ие болды. Жетекшісі: Рахметова Айша Амангелдиевна Би өнері – балаларды тәрбиелеу мен дамытудың тамаша құралы. Ол рухани әлемді жалпылайды, баланың жеке тұлға ретінде ашылуына көмектеседі. Қозғалыс, музыка және ойынның үйлесімділігі жағымды көңіл күй тудырады.
Мектеп- лицейіміздің атын шығарып, осы би өнерін насихаттап жүрген биші аруларымызға алдағы уақытта мол жетістіктер тілейміз!