8(7112) 22-85-97

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің қорытындысы

13 қараша күні 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі қорытындыланды.

Оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, қалалық олимпиадаларға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында өтті. Жалпы білім беретін пәндер бойынша яғни қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, физика, информатика, химия, биология және география пәндері бойынша жалпы 120 оқушы қатысты. «Үздік олимпиадалық команда» номинациясы 9 «а» сыныбына берілді. Қалалық олимпиадаға жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!