17 қараша күні 5, 6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. 17 қараша күні 5, 6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.
Олимпиада мақсаты: математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, оқушыларды ғылымға баулу, ынталандыру. Олимпиадаға 5-6 сыныптардан мектепішілік кезеңнен озық оқушылар іріктеліп алынды. Қалалық кезеңге 5 оқушы қатысты. Нәтижесінде 6-сыныптардан 1-орын Қалидолла Ғалым, 2-орын Қалибай Санжар (жетекшісі Капашева Г.Н); 5-сыныптардан 2-орын Ғарифолла Шыңғыс (жетекшісі Даумова А.М), 3-орын Акашаев Даулет, 3-орын Мұрат Нұрәділ (жетекшісі Батыргалиева А.Қ) иеленді. Пән мұғалімдері мен оқушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз. Алда болатын облыстық кезең қатысушысына сәттілік тілейміз.