«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңі өтті.
Мақсаты: балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық – шығармашылық әлеуетін ынталандыру. Мектебіміздің атынан 9 секция бойынша оқушылар қатысты. 8 секция бойынша оқушыларымыз жүлделі орынға ие болды. I орын-1, II орын-5, III орын-1. «Медицина, психология, экология» секциясы бойынша Темірғали Камшат І орын, жетекшісі Боранбайқызы Назерке, «Технология және өнер» секциясы бойынша Досжан Айша мен Есболсын Нұрайым ІІ орын, жетекшісі Баймурзина Самал Акедиловна, «Туризм және спорт» секциясы бойынша Бақтығали Інжу II орын, жетекшісі Бақтиярова Индира, «Қолданбалы математика» секциясы бойынша Айтас Алиби мен Нұрланұлы Тамерлан ІІ орын, жетекшісі Батырғалиева Айнұр Қанатқызы, «Ағылшын тілі» секциясы бойынша Мансурова Амина ІІ орын, жетекшісі Бисекешова Айдана Ерікқызы, «Тарих, өлкетану» секциясы Жаскеленов Саид ІІІ орын, жетекшісі Жұмағалиева Орынгүл Аманжолқызы. Оқушыларарымызды және жетекшілерін жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз.