«Білім сапасы: mentoring for innovation» тақырыбындағы менторлық онкүндік аясында шара өтті
«Батыс INNOVATION» жобасы аясындағы Жаңақала ауданы Д.Нүрпейісова атындағы ЖОББМ, Жәнібек ауданы Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ бірлесіп «Оқыту сапасын арттырудағы SMART білім мен веб-сервистердің тиімділігі» тақырыбында ментор сағаты өткізілді
Мақсаты: SMART оқыту мен интерактивті сервистердің мектебімізде білім беру үрдісіндегі қолданысымен тәжірибе алмасу.
Информатика пәні мұғалімдері Сатканова Э., Саймова Ф. Есетов А. ұйымдастыруымен ментор сағат өтті. Ментор сағатта Educaplay, Jeopardylabs, Classcraft, Quizlet, Socrative веб-сервистерінің негізгі жұмыс принциптерін көрсетті. Google Jamboard онлайн-тақтада жазуға, стикерлерді бекітуге және суреттерді қолдануға болады. Онымен қоса, барлық жазылғанды pdf және png форматында сақтап алуға болады. Онлайн тақтамен жұмыс жасап тәжірибе алмасты.
Mentimeter.com сервисі арқылы кері байланыс ұйымдастырды.