1 желтоқсан күні 10-11 сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.
Олимпиада мақсаты: мектеп оқушыларының арасынан математика пәні бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау; жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу, педагогикалық, инженерлік, техникалық мамандықтарға қызығушылығын ояту. Олимпиадаға 10-11 сыныптардан мектепішілік кезеңнен озық оқушылар іріктеліп алынды. Қалалық кезеңге 7 оқушы қатысты. Нәтижесінде 10-11-сыныптардан 1-орын Шынболатова Зарина, 2-орын Қалес Дәулет, 3-орын Есен Ерасыл (жетекшісі Капашева Г.Н); 10-сыныптардан 1-орын Мухамбетов Али, 2-орын Нурболатов Дарын (жетекшісі Батай А.Х) иеленді. Пән мұғалімдері мен оқушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз. Алда болатын облыстық кезең қатысушыларына сәттілік тілейміз.