Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.Осыған байланысты жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру – жан-жақты тәрбиенің маңызды бір саласындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі болып табылады. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында мектебіміздің тәрби ісі жөніндегі орынбасары Иманиязова.Г. С 7"ә", 8" в"сынып оқушыларына мектептегі ішкі тәртіппен ережелерін атап өтсе,мектеп инспекторлары Орал қаласы Полиция Басқармасы ЖПҚб ЮПб аға учаскелік инспекторы полиция майоры Ақбобек Муратқалиқызы мен Орал қаласы Полиция Басқармасы ЖПҚб ЮПб аға учаскелік инспекторы полиция капитаны Аманғали Э.оқушыларға түнгі 23:00 ден кейін ата-ананың қарауынсыз жүру, топтық төбелеске қатысу сияқты құқық бұзушылықтарды ескертті. Мұндай жағдайлар орын алғанда құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқушының ата-анасына айыппұл салатынын хабарлады.