«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді.
10 «а»сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді.Адалдық адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. «Адалдық» деген сөз шыншылдық,айнымастық,шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады.Қазақ пайымында адам бойында адалдық-пәктік,ар-ұждан,жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.Осы орайда оқушылардың пікірлері тыңдалып,видео және слайдтар көрсетілді.