"Біртұтас тәрбие бағдарламасы"аясында "Күнделікті пайдалы тағам" жобасы іске асырылуда.
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы"аясында "Күнделікті пайдалы тағам" жобасы іске асырылуда. Мақсаты:Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту . Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Қазақ халқының негізгі ежелден келе жатқан тағамы ет пен сүттен жасалған өнімдер. Олардан көшпелі жағдайда ұзақ сақталатын түрлі тағамдар дайындаған. Мысалы, қазы, шұжық, сүрленген, қақталған, ысталған ет өнімдері ұзақ сақталады, әрі өте дәмді. Ал сүт өнімдерінен айран, ірімшік, қымыз, шұбат сусындары дайындалады. Ұлттық тағамнан қол үзуге болмайды.Дұрыс тамақтану денсаулықтарыңның мықты болатынына, көңіл-күйлеріңнің көтеріңкі болып, сабаққа деген ынталарыңның артатынына бүгінгі тәрбие сағатында жауап алу. Ендеше, дұрыс тамақтану денсаулықтың кепілі екенін есте сақтаңыздар.