№41мектеп-лицейінде «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» онкүндігі аясында өткізілген сыныпаралық ата-аналар жиналысы.
№41мектеп-лицейінде «Қатыгездік пен зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» онкүндігі аясында өткізілген сыныпаралық ата-аналар жиналысы.
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру ; ата-ана бойындағы адамгершілік қасиеттерін бала бойына сіңіріп, өмірге деген қызығушылықтарын арттыру; баламен дұрыс тіл табысуға, баламен қысым түсірмей, зорлық – зомбылықсыз қарым – қатынас орнатуға бағыт беру. В.А.Сухомлинский айтқандай: «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» деген болатын.Сондықтан ата-аналар мектеппен, ұстаздармен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы балаларымызды зорлық-зомбылықтан, қауіп қатерден сақтауға болатынын сезінген жөн.
Өткізілген күні:15.11.2023 жыл -5а, 5ә, 5б,5в сыныптары;
16.11. 2023 жыл:6а, 6ә, 6б, 6в сыныптары;
17.11. 2023 жыл:7а, 7ә, 7б,8а, 8ә, 8б, 8в сыныптары;
20.11.2023 жыл:9а, 9ә, 9б, 9в,10а, 10ә сыныптары.