08.12.2023 күні №5 қалалық емхананың СӨС дәрігері Насырова С.С. мен әлеуметтік педагог Жарасова А.Х. оқушыларға «Дұрыс тамақтану-болашақ ұлттың денсаулығы" тақырыбында іс-шара өткізді.
Мектеп-лицейімізде желтоқсан айының 8 күні «№5 қалалық емхананың СӨС дәрігері Насырова С.С. мен әлеуметтік педагог Жарасова А.Х. 7 «а», 7 «б», 8 «ә», 8 «б» сынып оқушыларына «Дұрыс тамақтану-болашақ ұлттың денсаулығы» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара барысында дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары мен ережелерімен таныстырылды.
Мақсаты: Оқушылардың дұрыс, уақытылы тамақтану түсініктерін қалыптастыру арқылы салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулықты күтуге,дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу. Жалпы алғанда күніне 4 рет тамақтанып, оның екеуінде ыстық тамақ жеу керектігі және майлы тамақтан бас тартқандары жөн туралы ақпарат айтты. Оқушыларға тез дайындалатын тағамдарды жемеу керектігі жөнінде ақпарттармен бөлісті. Сонымен қатар оқушылар өздерінің тамақтану ережелерімен бөлісіп , зиянды әдеттерінен аулақ болу керегін білді. Оқушыларға «Дұрыс тамақтанудың ережелері» бойынша жаднамалар таратылды.
Іс-шара соңында «Дұрыс тамақтанудың 5 әдісі» туралы оқушыларға бейнеролик көрсетілді.