8(7112) 22-85-97

«Қыз балалар гигиенасы»

№41мектеп-лицейінде 7 желтоқсан күні 5-6 сынып оқушы қыздарының арасында «Қыз балалар гигиенасы» емхана медбикесінің қатысуымен дәріс өткізілді.

2023 жылдың 7 желтоқсан күні мектеп-лицейімізде 5-6 сынып оқушы қыздарының арасында “Қыз балалар гигиенасы” тақырыбы аясында медбикемен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында 5 емхана СӨС маманы медбике Хабибуллина Аяулым Дамировна пайдалы кеңестерімен бөлісе отырып, оқушы қыз балаларға дәріс өткізді. Қыз бала гигиенасы Жеке бас гигиенасының бірінші ережесі – тазалық, ол туралы бұрыннан белгілі. Жекелеген кейбір арнайы жеке бас гигиенасының адам жынысына, жыныс ағзалар құрылысы және қызметіне байланысты кейбір арнайы жағдайлары бар. Шаш та үнемі күтімді қажет етеді. Шашты апта сайын (күн сайын емес) жылы қайнатылған сумен сабын көбігінде немесе ылайықты шампуньмен жуу ұсынылады. Күніне бірнеше рет жиі тарақпен тарау да пайдалы.
Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды. Кездесу нәтижесінде оқушы қыздар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып кетті.