11.12.2023 күні мектеп-лицейімізде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 32 жыл толуына орай 7-8 сынып оқушыларына отандық фильм көрсетілді.
№41 мектеп-лицейімізде желтоқсанның 11 күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 32 жыл толуына орай «Жас Ұлан» және «Парламент» ұйымдарының ұйымдастыруымен “Кино кеш” өтті. Кеш әнұранмен басталып 2021 жылы 17 желтоқсан күні жарыққа шыққан Ирина Қайратовна ұжымының түсірген "Отыздан асып барамын " 87 минуттық отандық фильмі көрсетілді.
Мақсаты: Отандық туындыларды қолдау, жаңашылдық пен патриотизмге тәрбиелеу. Ар-ұждан сезімдерін оятып, жетілдіру.
Оқушыларға билет беріліп, тегін сусындар мен попкорн таратылды. Фильм соңында оқушылар арнайы дайындалған фотозонаға суретке түсіп, алған әсерлерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап беріп, талқылау жұмыстарын жасады.