13 желтоқсан күні тәуелсіздігімізге 32 жыл толуына орай «Тәуелсіздік тарихын білесіз бе?» тақырыбында сауалнама жүргізілді.
№41 мектеп-лицейімізде желтоқсанның 13 күні «Парламент» өзін-өзі басқару ұйымы оқушылары лицей дәлізінде оқушылар арасында «Тәуелсіздік тарихын білесіз бе?» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнама барысында оқушыларға сұрақтар қойып, «Бұл кім?» ойыны ойнатылды, яғни тарихи тұлғалардың есімдерін атады. Сауалнама соңында қатысқан оқушыларға тәтті бәліш берілді.
Мақсаты: Оқушылардың бойындағы патриоттық сезімдерін шыңдау, тарихқа көз жүгірту.