Желтоқсанның 15 күні белсенді оқушылардың және жас мамандардың қатысуымен сахналық қойылым кеші өтті.
Мектеп-лицейімізде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 32 жыл толуына орай “Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын!” тақырыбында “Біртұтас тәрбие” негізінде “TeachGrow” жобасы аясында Батыргалиева Айнұр Қанатқызы жетекшілігімен, мектеп оқушыларының қатысуымен және мектебіміздің жас мамандарының қолдауымен сахналық қойылым кеші өтті. Қойылымда 1921-1922 жылдардағы “Ашаршылық”, “Алаш” партиясының өкілдері, тарихтың қаралы бетін еске түсіретін “Алжир” лагері, 1941 жылы бастау алған “Ұлы Отан соғысы” және де көптеген құрбандықпен келген “Тәуелсіздігіміз” сомдалды.
Мақсаты: Елімздің Тәуелсіздік жолына қандай қиындықпен жеткенін түсіндіру, Тәуелсіздік үшін құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерлік-жігерлері жайлы түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті шыққандығын жете түсіндіру.