12 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігіне 32 жыл толуына орай “Тәуелсіздік бастауы- желтоқсан” тақырыбында 6 «б» сыныбына тәрбие сағаты өтті.
Мектеп – лицейімізде 12 желтоқсан күні “Тәуелсіздік бастауы- желтоқсан” тақырыбында 6 «б» сыныбына тәрбие сағаты оздырылды.
Сынып жетекшісі:Нұрғожина Айдана Шынтасқызы.
Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым. Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Өз елін,жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу. Тәуелсіздік бастауы-ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру.