22 желтоқсан күні мектебімізде буллингті алдын алу мақсатында ақпараттық шара өткізілді.
№41 мектеп-лицейімізде желтоқсанның 22 күні мектеп оқушылары арасындағы буллингті алдын алу мақсатында өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары ұйымдастырған “Тоқта! Зорлық зомбылық!” тақырыбында ақпараттық тренингі болып өтті. Тренингте 8 сынып оқушылары буллинг бойынша ақпараттар айтып, өз ойларымен бөлісіп, сұрақтармен алмасты.
8 “а” сынып оқушылары “Буллинг туралы жалпы түсінік”
8 “в” сынып оқушылары “Буллинг түрлері”
8 “б” сынып оқушылары “Буллингтің себептері мен салдары”
8 “ә” сынып оқушылары “Буллингті алдын алу жолдары” тақырыбында өз жұмыстарын қорғап шықты.
Мақсаты: Жасөспірім кезеңіндегі кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту.